Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде, «Жаңа экономикалық саясат табыстылығының басты шарты кадрлар арқылы нығайтылуға тиіс. Бұл үшін біз басқарушылық ресурсын жетілдіруге тиіспіз әрі бұл үшін бізде резервтер бар. Менеждменттің жаңа құралдарын және мемлекеттік сектордағы корпоративтік басқарудың қағидаларын енгізу қажет» — деген болатын.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов соңғы бір жылда алғаш рет ротация арқылы аудан басшыларын тағайындап отыр. Бұл өңірде кадрлардың «Алтын қор» резервін қалыптастыруды жүйеге қойған әкімнің еңбегін танытты.
Бүгін, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Мақтарал аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясында ауданға жаңа басшы Исмаилов Ғалым Ыбрайұлының кандидатурасы ұсынылды. Яғни, облыс әкімінің ұсынған кандидатурасын халық қалаулылары бірауыздан қолдап, қуаттады.
Шымкент қаласының Қаратау ауданын басқарып келген Исмаилов Ғалым Ыбрайұлы енді облыс әкімінің өкімімен Мақтарал ауданының әкімі қызметіне тағайындалып отыр.
Ғалым Ыбрайұлы — білімі жоғары. Қазақ химия технологиялық институты мен Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-ді бітірген.
Еңбек жолы:
11.1983 ж. — 08.1985 ж. Бөген құс фабрикасының жұмысшысы.
08.1983 ж. — 02.1991 ж. «Шыммкентсельхозстроймонтаж» тресінің инженері.
03.1991 ж. — 06.1999 ж. «Дәурен» ЖШС-нің директоры.
06.1999 ж. — 09.1999 ж. Шымкент қалалық көріктендіру және коммуналдық шаруашылық департаменті басшысының орынбасары.
09.1999 ж. — 04.2001 ж. Шымкент қалалық көріктендіру және коммуналдық шаруашылық департаментінің басшысы.
04.2001 ж. — 06.2001 ж. Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының бастығы.
06.2001 ж. — 11.2002 ж. Шымкент қалалық №2 халықпен жұмыс жүргізу басқармасының басшысы.
11.2002 ж. — 12.2003 ж. ОҚО табиғатты қорғау басқармасы басшысының орынбасары.
12.2003 ж. — 10.2006 ж. Түркістан қаласы әкімінің орынбасары.
10.2006 ж. — 02.2007 ж. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.
02.2007 ж. — 10.2007 ж. Шымкент қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы.
10.2007 ж. — 05.2008 ж. «Бадам Тас» ЖШС диекторының орынбасары.
05.2008 ж. — 01.2012 ж. «Kazakhstan Connecting System» ЖШС-і директорының орынбасары.
02.2012 ж. — 09.2012 ж. «Бадам Тас» ЖШС-і диекторының орынбасары.
10.2012 ж. — 08.2013 ж. «OLYMPIA KAZAHSTAN» ЖШС-і директорының орынбасары.
05.08.2013 жылдан бастап Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.
2015 жылдың 26 қаңтарынан бері Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі қызметін атқарып келген.
Шымкент қаласының жаңадан құрылған аймағын басқарып келген Ғалым Ыбрайұлына осылайша, үлкен сенім мен жауапты міндет жүктеліп отыр. Өйткені, халқының саны 300 мыңға жетіп артылатын мақталы өңірде әлі де түйіні тарқатылмаған мәселелер көп. Айта кетейік, маусым айында өткен VІ шақырылымдағы облыстық мәслихат депутаттарының кезекті үшінші сессиясында 2016-2018 жылдарға арналған бюджетінің негізінде облыстың даму бюджеті нақтыланған болатын. Осы жиында, Мақтарал ауданына бөлінген қаражат – 55 млн 993 мың теңгені құраса, 2016 жылға оның 39 млн 559 мыңы нақты берілген. Осыған сәйкес, Мырзашөл аймағының 11 ауылында 8 акушерлік-фельдшерлік, 2 медициналық тірек және 1 аудандық емхана бой көтереді.
Мақтарал ауданының 2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2016 жылға мынадай көлемде бекітілген:
Бюджеттік кірістер – 29 908 915 мың теңге,
оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 605 047 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 34 474 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 10 000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 28 259 394 мың теңгені құраған.
Ендеше, Елбасының Жолдауларын, облыс әкімінің тапсырмаларын орындауда Ғалым Ыбрайұлына жаңа қызметінде сәттілік тілейміз!