Ағымдағы жылдың 1-шілдесінен бастап жеке тұлғалардың банктік кредиттерді және микрокредиттерді өтеу тәртібі өзгерді, яғни төлем сомасы, ең алдымен, негізгі қарыз бойынша берешекті және сыйақыны өтеуге жұмсалатын болады.
Сонымен бірге, кезектілік, кредиттің мерзімі өткізілген бе, жоқ па және оның ұзақтығы қандай, сондай-ақ қарыз алушы кім болып табылады: жеке тұлға немесе заңды тұлға, міне осыларға тәуелді болады.
Жаңалықтар төмендегідей:
1) Егер 2016 жылға дейін бірінші кезекте кредитордың тұрақсыздық айып және шығын сомасы және ең соңында – негізгі қарыз сомасы өтелген болса, 2016 жылдан бастап төлем сомасы, ең алдымен, негізгі қарыз бойынша берешекті және сыйақыны, кейіннен – ағымдағы кезеңге негізгі қарызды және сыйақыны және ең соңғы кезекте – орындау алу бойынша кредитордың тұрақсыздық айып және шығын сомаларын өтейді (ҚР АК 282-бабы 2-тармағы).
Алайда, көрсетілген ереже: біріншіден, тек банктік қарыз бойынша ғана емес (жеке тұлғалардың банктік қарыздарын және микрокредиттерді қоспағанда, бұл туралы төменде айтылатын болады), сонымен бірге барлық ақша қаражаттарына қатысты жалпы болып табылады; екіншіден, депозиттік сипатты қамтиды және тараптар кезектілікті бөлудің өзге тәртібін қарастыруға құқылы.
2) Егер де жеке тұлғаның банктік қарызы, микрокредит бойынша ақы төлеудің мерзімін өткізу болмаса не мерзімін өткізу күнтізбелік 180 күннен аспайтын болса, онда өтеу сомалары төмендегідей кезекте үлестіріледі («ҚР банктер және банк қызметі туралы» Заңның 34-бабы 7-1 тармағы, «Микроқаржы ұйымдары туралы» Заңның 6-бабы 1-1 тармағы:
— негізгі қарыз бойынша берешек;
— сыйақы бойынша берешек;
— тұрақсыздық айып (айыппұл, өсімақы);
— ағымдағы төлем мерзіміне негізгі қарыз сомасы;
— ағымдағы төлем мерзіміне есептелген сыйақы;
— орындау-алу бойынша кредитордың шығындары.
Егер де жеке тұлғаның банктік қарызы микрокредит бойынша мерзімін өткізу мерзімі күнтізбелік 180 күннен асатын болса, онда кезектілік аздап өзгереді:
1) негізгі қарыз бойынша берешек;
2) сыйақы бойынша берешек;
3) ағымдағы төлем мерзіміне негізгі қарыз сомасы;
4) ағымдағы төлем мерзіміне есептелген сыйақы;
5) тұрақсыздық айып (айыппұл, өсімақы);
6) орындау алу бойынша кредитордың шығындары.
Айта кететін маңызды жайт, жоғарыда көрсетілген тәртіп тегеурінді, яғни тараптардың өзгертуіне жатпайтын болып табылады.
3) Банктік қарыздар және микрокредиттер бойынша міндеттемелерді өтеудің жаңа кезектілігі алдын жасалған шарттардан 2016 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Басқаша айтқанда, көрсетілген күннен бастап, жүзеге асырылатын банктік кредиттер мен микрокредиттер бойынша төлемдер жаңа кезектілік ережелері бойынша үлестірілуі тиіс. Алайда, көрсетілген күнге дейін жүзеге асырылған төлемдерге жаңа заңның кері күші таратылмайды және олар бойынша кезектілікті қайта қарау болмайды.
Жалпы айта кететін жайт, жаңалықтар борышкерлердің мүдделеріне және ең алдымен, қарыз алушылардың – жеке тұлғалардың мүдделеріне жауап береді. Шамасы, борышкерлер тұрақсыздық айып сомаларының соңғы кезекте өтелуіне мүдделі. Мұндай кезектілік олардың борыштық салмағын жеңілдетуге бағытталған.
Әнуар БОТАНБЕКОВ,
«ҚР Ұлттық Банкі» РММ Оңтүстік Қазақстан филиалының директоры.