Қазақстанда соңғы төрт жылда авторлық құқықты пайдаланғаны үшін сыйақы төлем мөлшері екі есеге артқан.
Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры А.Естаев «Авторлық және сабақтас құқықтарын қорғау туралы» тақырыбында өткізілген халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында хабардар еткен болатын.
«Соңғы төрт жылда авторларға төленген сыйақы мөлшері екі есеге артқан. 2011 жылы сыйақы көлемі 267 миллион теңгені құраған, ал 2015 жылы ол көрсеткіш шамамен 800 миллион теңгеге жеткен. Бұл сыйақы мөлшері 2011 жылғы шетел валютасындағы көрсеткіш, ал қазіргі уақытта оның өсіп отырғанын түсінуіміз керек» деп мәлімдеді.
Сонымен қатар А.Естаев қоғамдағы құқық иеленушілермен авторлық құқықты қорғау мен оларды тіркеу мәселесі өсіп отырғандығы және мысал ретінде 2014 жылы 2400 авторлық құқық тіркелген болса, 2015 жылы оның саны 2500-ға жетіп отырғанын атап өтті.
Департамент басшысы бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Берн конвенциясында әдеби және көркем туындыларын қорғаушы мүшесі болып табылады және дүниежүзілік меншік ұйымының авторлық құқық жөніндегі шарттары интернет желісінде орындаушылықтар мен фонограммаларды авторлық және сабақтас құқықтарын қорғауды жүзеге асыруға, сонымен конвенцияда фонограммалар мен радиохабарын таратушы ұйымдарының құқығын қорғауға мүмкіндік береді. Бұл авторлық құқықты қорғау негізі республикада ғана емес, шет елдерде де мүмкіндік тудыратынын атап өтті.
Ерлан ДАУЫЛБАЕВ,
Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы.