Бейсенбі күні Шымкент қаласы әкімдігінде кадрлық тағайындаулар болды. Тиісті тағайындау бұйрығына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қол қойды. Осылайша Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнің басшысы болып Қуанышбеков Бауыржан Шераханұлы тағайындалды.
Бауыржан Қуанышбеков 1960 жылы 7 қазанда ОҚО Түлкібас ауданында дүниеге келген. 1988 жылы «Экономика» мамандығы бойынша Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Ол еңбек жолын Шымкент өндірістік бірлестігінде машинисті, содан кейін «Қызыл Жұлдыз» шаруа қожалығында тракторист, Шымкент «Фосфор» өнеркәсіп бірлестігінде жұмысшы болып бастаған. 1982-1993 жылы комсомол комитеттерінде, Халық депутаттары Кеңесінде әр түрлі лауазымды жұмыстар істеген. 1993 жылы «Елім» фондында бас директор, облыстық жұмыспен қамтамасыз ету басқармасы бастығы сынды лауазымды қызметттер атқарған. 1999 жылдан 2014 жылға дейін ол Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде түрлі қызметтер атқарды. Облыс әкімшілігінің көлік, коммуникация және туризм департаменті директорының орынбасары, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары болған. 2014 жылдың маусым айынан бастап, осы тағайындауға дейін аталған бөлім басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.