Шілде айының 10-күні Моңғолия Республикасындағы қандастарымыз табиғи апаттан зардап шеккен болатын. Қазақтар шоғырланған аймақты сел басып, 700-дей отбасы баспанасыз қалды. Бірнеше адам ажал құшты. Қайғырғанды жұбатып, қиындық көргенге қол ұшын беретін – ел емеспіз бе? Тұтқиылдап келген апаттан аман қалған ағайынға өңіріміз тарапынан да қолдау білдіруде.Нақтысын айтқанда, осыдан 10 күн бұрын ОҚО белсенділері үндеу жариялап, облыс әкімдігінің қызметкерлері бір күндік жалақысын аударған болатын. Жиналған қаржыға 7 тонна ұн және өзгеде қажетті азық-түліктер, киім-кешектер жүк көлігіне тиеліп, аптаның алғашқы күні дүйсенбіде Баян-Өлгейге жол тартты. Алыстағы бауырларға көмек қолын созып жатқан бұл топпен біздің арнаның түсірім тобы да арнайы барып, ақпараттық қолдау көрсетпек.
Бағлан Байкөбекқызы