2016 жылы 04 маусымда сағат 23-50 шамасында Шардара АІІБ-нің «102» арнасына Шардара ауданы, Жаушықұм ауылының тұрғыны 18.03.2010 жылы туылған Амангелді Нұрсултан Сағитұлы Сырдария өзеніне жақын орналасқан үйінің іргесінде ойнап жүріп белгісіз жағдайда жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.
Белгілі болғаны 6- жасар баланың ата анасы өздерінің күштерімен іздеген. Іздеу нәтиже бермегенсоң ішкі істер органына хабарласқан.
Аталған жайт Шардара АІІБ-нің СДБТ-на тіркеліп, қазіргі таңда 6-жасар Н. Амангелдіні Шардара АІІБ жеке құрамы, ОҚО ТЖД, ЖҚЖ ММ-нің «Шардарақұтқару» бөлімшесінің қызметкерлері жергілікті тұрғындар және еріктілер бірлесіп сужағаларында және басқа да жерлерде іздестіру жұмыстарын жүргізуде.
ОҚО ІІД баспасөз қызметі