Бүгін экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік Академиясының және Халықаралық Инженерлік Академиясының академигі, «Парасат» орденінің иегері Абдуллаев Қалық Абдуллаұлы дүниеге келген.
Қалық Абдуллаұлы әр жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Республика Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, Республика Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы, Премьер-министрдің орынбасары – Қазақ КСР Мемлекеттік экономикалық комитетінің төрағасы қызметтерін лайықты атқарды. Сондай-ақ, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Шетелдік инвестициялар жөніндегі ұлттық Агенттік төрағасы лауазымында Қазақстанға шетелдерден инвестициялар тартудың алғашқы тәжірибелерінің негізін қалады. ҚР Президентінің кеңесшісі қызметін атқарды. 1997-1999 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. 2000 жылдан бері өзі құрған «Атакент» акционерлік қоғамы Директорлар Кеңесінің төрағасы. Сондай-ақ, 2005 жылдан бері «Академик Ш. Чокин атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу энергетика институты» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы міндетін қоса атқарады.