Шымкент қаласының әкімі шаһардағы нашар көшелерге шағымданған тұрғынның видеосын назардан тыс қалдырмады. Таяуда Youtube видео-хостингінде Шымкент тұрғыны Руслан Жанпейісовтың тозығы жеткен көшелер туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың назарына ұсынған видеосы жарияланған еді. Онда қала тұрғыны тұрғындарға шарт-жағдай жасалмаған Мангельдин көшесіне назар аударуды өтініп, жаяу жүргіншілерге арналған жолдың жоғын, жол шетіндегі гүл дестелерінің қурап қалғанын көрсеткен болатын.
Қала әкімдігі видео авторына өзінің азаматтық жауапкершілігін атқарған тұрғынға алғыс білдіреді. Осыған орай шаһар басшысы салаға жауапты мамандарды бастап, сол көшені тексеруге барды. Көше аумағын бақылаған әкім тез арада аталмыш аумақты ретке келтіріп, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауды тапсырды. Сонымен қатар, тез арада көше бойындағы құрылыс қоршауы алынып тасталуы тиіс екендігін айтты. Салалық бөлім жауаптылары «тапсырмалар жуық арада толық орындалады»,- деді.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
ҚР Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстанның мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік наградалар табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет...