Төле би ауданы, Біркөлік шатқалындағы «Бастау» демалыс аймағында үш күндік «Жастар Отанға» саяси лагері өтті. Мұнда жоғарғы оқу орнының түлектері мен жас мамандарға және әкімшілік лауазымға үміткер азаматтарға мемлекеттік қызметке іріктеу тәртібі мен шарттары түсіндірілді. Семинар барысында өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов «галстуксыз» бейресми жағдайда болашақ мемқызметкерлерімен кездесті. Жастармен әңгіме барысында облыс әкімі «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында елімізде кәсіби мемлекеттік аппарат құру процесі жүріп жатқанын, оған білімді, жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрлардың қажет екенін атап өтті. Іс-шара шеңберінде жастар арасында көшбасшылық дағдыларын дамыту, дербес және кәсіби өсу үшін жағдай жасап қоғамда табысты іске асыру бойынша тренингтер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, саяси лагерьде жастарға «Дипломмен ауылға» бағдарламасын насихаттау мақсатында түсірілген «Hello ауыл» бейне туынды ұсынылып, қатысушы жастар арасында спорттық ойындар мен мәдени іс-шаралар өткізілді.
СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ ОБЛЫС ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
🔰Мәулен Әшімбаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында облыстың барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен кездесті. Сенат төрағасы халық қалаулыларымен Президент тапсырмасын іске...