ҚР-ның Мемлекеттік қызмет істері министрі Талғат Донақов халық алдында есеп берді. Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығында» өткен есепті кездесуде аталмыш министрліктің қызметі мен алдағы жоспарлары жөнінде айтылып, халықты қызықтыратын сауалдарға жауап берілді. Ал министрдің есебін еліміздің бірқатар аймақ тұрғындары арнайы бейнеконференция арқылы тыңдап, көкейтесті сауалдарын жолдап жатты. Бұл ретте Талғат Донақовтың баяндамасын ОҚО бойынша тікелей интернет байланыс желісі арқылы 200-ден астам азамат тыңдады. Айта кетейік, Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлердің жалпы саны 99 мың адамға жуықтайды. «А» басқару корпусының саны 493 адамды, саяси мемлекеттік қызметкерлер корпусының саны 422 адамды құрайды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПАН ГИ МУНМЕН КЕЗДЕСТІ
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы, Боао Азия форумының төрағасы, Жаһандық жасыл даму институты (GGGI) Ассамблеясының Президенті Пан Ги Мунмен...