Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақановты қабылдады.
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. Кездесу барысында Жұмақанов Ақтөбедегі антитеррорлық операциялардың қалай жүріп жатқанын мәлімдеді. Бүгінге дейін 13 лаңкес өлтіріліп, 14 адам жараланды. Сонымен қатар, 6 қылмыскерге іздеу жарияланды. «Біз олардың сол аймақта екенін білеміз. Халыққа ескерту жасалды. Қылмыскерлердің біреуін де қалдырмай ұстау керек. Қарумен қарсылық көрсетсе, көзін жою керек. Барлығы қатаң түрде жазалануы тиіс», — деді мемлекет басшысы.
АЛАЯҚТАР АЗАМАТТАРҒА 44 МЛН РЕТ ҚОҢЫРАУ ШАЛДЫ
Соңғы уақытта банктер, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік орган қызметкерлерінің атынан қоңырау шалу жиілеп кетті. Қазір шетелден жасалған алаяқтық...