2016 жылдың 5 маусым күні, сағат 7.20 шамасында Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ «102» кезекші бөліміне Шымкент қаласы Қайнар-бұлақ саяжайы көшелерінің бірінде зорлық белгілері бар 25-30 жастағы азаматтың мәйіті табылғаны туралы хабар келіп түседі. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы жәбірленушінің жеке тұлғасын анықтаған. Ол 1989 ж.т. шымкент қаласының тұрғыны болған. Алдын ала анықталғандай, жәбірленуші пышақтан жарақаттанып, қаза болған. Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ СДТБТ тіркеліп, ҚР ҚК 99-бабымен «Кісі өлтіру» қылмыстық іс қозғалды. Қаратау ПБ қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шарасы барысында, кісі өліміне қатысты 1993 жылғы азамат құрықталды. Ер азаматтар бірге спиртті ішімдік ішіп отырып, араларында ұрыс туып, нәтижесінде аталған оқиға орын алған. Полицейлер айғақты зат ретінде асхана пышағын тәркіледі.
Қазіргі таңда күдікті қамауда. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
«ҚАРТҚОЖА» ДЕРЕКТІ ДРАМАСЫ САХНАЛАНДЫ
Қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында премьера. Мұнда Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына орай, оның "Қартқожа" деректі драмасы сахналанды. Қойылымды жас режиссер...