Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жаз мезгілінде 23 сауықтыру лагері жұмыс істеп, онда 5 ауысымда 54 мыңнан астам бала сауықтырудан өтеді деп жоспарлануда. Бұл 1-10 сынып оқушыларының жалпы санының 10%-ын құрайды. Лагерьлердің 13-і мемлекеттік болса, 10-ы жеке меншік. Маусымның 1-нен лагерьлерге оқушыларды қабылдау жұмыстары осы айдың 15-ші жұлдызына дейін жалғаспақ. Облыстағы 1-10 сынып оқушыларының жалпы саны — 552753. Олардың ішінде, жалпы 489520 бала жазғы демалыстың барлық түрлерімен қамтылады деп жоспарлануда. Бұл 88,5%-ды құрамақ. Сондай-ақ, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына, олардың жазғы демалысы мен сауықтырылуын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет есебінен 10 мыңға жуық балаға тегін жолдама беру көзделген.
Сонымен қатар, мектеп жанындағы 501 сауықтыру лагерінде 53275 бала бір мезгілгі ыстық тамақпен қамтыла отырып сауықтырылса, 560 лагерде 73231 бала түске дейін сауықтырылады деп жоспарлануда. Осылайша, қала сыртындағы сауықтыру лагерлеріне балаларды қамту 2015 жылы 8,5%-ды құраса, биыл 10%-ды құрайды деп жоспарлануда. Ал жазғы демалыстың барлық түрлерімен балаларды қамту өткен жылы 87,6%-ды құраса, биыл 88,5% болады деп күтілуде.
Жалпы, жаз бойы балаларды экскурсия, саяхатқа апару жұмысы жалғасын тауып, оқушылар Машат, Біркөлік, Ақмешіт, Сайрамсу, Қасқасу, Өгем, Қаржантау, Қазығұрт, Боралдай таулы аймақтары мен Ақсу-Жабағылы қорығына және Түркістан, Отырар, Сайрам, Қазығұрт, Бәйдібек тарихи көне орындарына саяхатқа шығатын болады. Мұнан бөлек, осы мезгілде қызығушылығы бойынша клубтарда балалар үшін түрлі үйірме жұмыстары, көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Балаларды серуенге шығару, аула клубтары арасында спорттық ойындарға қатыстыру арқылы, олардың уақыттарын ұтымды өткізу жоспарлануда.
АРМАТУРА БАҒАСЫ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАУДА
Елімізде арматура шығаратын 8 кәсіпорын жұмыс жасайды Су тасқынынан зардап шеккен нысандарды қалпына келтірудегі қажетті арматураның бағасы қадағалауда болады. Ағымдағы...