24 мамыр күні Шымкент қаласы Қаратау ПБ-не Шымкент қаласы Астана даңғылы бойында жаяу жүргіншіні қағып, жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына барған полицейлердің анықтағанындай, сағат 19.50 шамасында 1991 жылы туылған «БМВ-525» маркалы автокөлігінің жүргізуші, Шымкент қаласының тұрғыны жаяу жүргіншіні қағып, нәтижесінде 2010 жылы туылған, Арыс ауданының тұрғыны ауыр дене жарақатын алған. Шымкент қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізу барысында алған ауыр дене жарақатынан 6 жастағы бала қайтыс болған. Аталған жайт ОҚО ІІД СДТТБТ тізіміне тіркелді және ҚР ҚК 345-бабымен «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» қылмыстық іс қозғалды.
Оқиғаның орын алу барысы анықталуда. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ ОБЛЫС ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
🔰Мәулен Әшімбаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында облыстың барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен кездесті. Сенат төрағасы халық қалаулыларымен Президент тапсырмасын іске...