М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымы мен студенттер қауымы оқу орнының ректоры, техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлын Алматы облысы, Жамбыл ауданының «Құрметті азаматы» болуымен шын жүректен құттықтайды. Ж.Мырхалықовтың ғылыми және педагогикалық кәсіби шеберлігі Қазақстанның жоғарғы білім мен ғылым саласын дамытумен тікелей байланысты. «Мәңгілік ел» қозғалысын дамытудағы оның белсенді әрекеті және «Абайтану» , «Түркітану» және «Сұраншы батыр» ғылыми институттары мен орталықтарын құрып, қолдау көрсетуі, қазақтың рухани мәдениеті мен мұрасын үндестіре дамытуы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін еліміздегі жетекші ғылыми орталықтарға айналуына ықпал етті. М.Әуезов атындағы ОҚМУ ұжымы мен студенттер қауымы оқу орнының ректоры Жұмахан Үшкемпірұлына лайықты марапатымен дей отырып, жаңа шығармашылық идеялармен Қазақ елінің рухани, мәдени мұрасын одан әрі жаңғырта беруіне тілектес!!!