Ағымдағы жылдың 10 мамыр күні ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Шымкент қаласының 53 жастағы тұрғыны ұялы телефонындағы «Ватцап» арқылы белгісіз тұлғадан хабарлама келгенін, онда 1988 жылы туылған ұлын заңсыз ұстап отырғанын және жәбірленушіден 20 мың АҚШ долларын талап еткені туралы арызданып келген.
Аталған жайт Сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру реестріне тіркеліп, ҚР ҚК 126-бабымен «Бас бостандығынан заңсыз айыру» қылмыстық іс қозғалды.
ОҚО ІІД ҰҚҚКБ-ның қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шарасы барысында дәл сол күні, сағат кешкі шамамен 21.00-де Шымкент қаласы 8 мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан 28 жастағы азаматты табады. Полицейлердің тергеу барысында анықтағаны, бас бостандығынан заңсыз айыру жайты өз дәлелін таппаған. Жас азамат өзін ұрлағаны туралы жалғандықпен, танысынан үлкен көлемде алған қарызын төлемек ниетпен, әкесінен 20 мың АҚШ долларын алмақ болған.
Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның орын алуын жан-жақты тексеруде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ОҚО ІІД Баспасөз қызметі