Оңтүстік Қазақстанда коммуналдық мәселелер бойынша жұмыс істейтін бірыңғай байланыс орталығының аясы кеңейді. Енді «колл-орталық» жер мәселелері бойынша туындаған сұрақтарға жауап беріп, қызмет ететін болады. Негізгі мақсаты – жер кодексіндегі өзгерістерге мораторий жариялануына байланысты және де жүргізілетін реформаны облыс тұрғындарына түсіндіру болып табылатын орталықта арнайы мамандар бекітілген.Еске салсақ, өткен жылдың 4 қарашасынан бері облыстағы коммуналдық мәселелер бойынша ашылған байланыс орталығы тиісті мерзім ішінде 3610 қоңырау қабылдаса, оның 265-і газ, 491-і электр қуатымен қамтамасыз ету, 289-ы су, 823-і жылу мәселелері бойынша түскен арыз-шағымдар, ал 523-і Шымкент қалалық ТҮКШ бөліміне, 786 хабарлама Шымкент қаласының аудандық әкімдіктеріне, 433 хабар түрлі сауалдар (қоқыс тазалау, түбіртек мәселесі, көпқабатты үйлердің аулаларын және кіреберістерін тазалау және коммуналдық қызметтердің байланыс нөмірлері мен мекен-жайлары) бойынша жолданған хаттар болып отыр.Орталықтың негізінен облыстың барлық коммуналдық қызметтерін бір жерге біріктіруді көздейді. Яғни, тұрғындар өздерін мазалаған барлық мәселелер жөнінде аталған байланыс орталығына қоңырау шалып, білікті мамандардан жылдам әрі сапалы жауап ала алады. Байланыс орталығы заманауи ақпараттық бағдарламамен жабдықталған.Байланыс орталығының артықшылығы сол, мұнда коммуналдық қызметтер мен жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарының нәтижесіне талдау жасалады. Сонымен қатар, тұрғындардың талап-тілектерінің орындалуын бақылауда ұсталып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мәселелер анықталады. Сондай-ақ, жөндеу және профилактикалық жұмыстар жөнінде тұрғындарға ақпарат беріледі.Айта өтейік, «колл-орталықтағы» коммуналдық мәселелер бойынша жұмыс істейтін бес маман таңғы сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін аптаның алты күнінде жұмыс істесе, жер мәселесі бойынша сұрақтарды қабылдайтын облыстық жер қатынастары басқармасының мамандары таңғы сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін апта бойы демалыссыз жұмыс істейді.
Назар аударыңыздар, колл-орталықтың байланыс нөмірі өзгерген жоқ. Туындаған сұрақтар бойынша 39-55-55 нөміріне хабарласа аласыз.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі