26 сәуір күні сағат 18-30-дар шамасында Ордабасы аудандық ІІБ кезекші бөліміне Бөрбеков Ерболат есімді азамат хабарласып, 22 сәуір күні жоғалып кеткен Бақытжан Әуелбековтың өлі денесін тапқандығын айтады. Яғни Ордабасы ауданы, Қызылжар ауылының маңында Түркістан магистралінің Р-11 тоспасынан 1,5-2 шақырым жерде, арықтың ішінен жігіттің денесін тапқан. Қазіргі таңда, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Б.Әуелбековтың өлі денесін аудандық мәйтханаға жеткізген. Еске сала кетсек, 22 сәуірде Ордабасы ауданы Бөген ауылының тұрғыны 1986 жылы туылған, 1- топтағы мүгедек Әуелбеков Бекжан Исламбекұлының жоғалып кеткендігі туралы хабар келіп түседі. Ордабасы аудандық ТЖБ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен іздестіру жұмыстары жүргізілген болатын.