ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығына сай Жақып Асанов ҚР Бас прокуроры болып тағайындалды.
Асанов Жақып Қажманұлы 1963 жылы 17 тамызда Қызылорда қаласында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1985 жылдан — Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының стажері. 1986 жылдан — Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшісі м.а., прокурордың аға көмекшісі, Қызылорда облысы прокуратура бөлімінің бастығы.
1993 жылдан — жалпы бақылау басқармасының аға прокуроры. 1993 жылдың қазан айынан — ҚР Бас прокуратурасының жалпы бақылау басқармасының бақылау органдарында банктер, қаржы-несие қатынастары туралы заңнаманың орындалуын қадағалау бойынша бөлім бастығы. 1995 жылдың қараша айынан – кеңесші.
1996 жылдан — ҚР Президенті әкімшілігінің заңнама, құқықтық тәртіп және сот реформасын қамтамасыз ету бөлімінің сектор меңгерушісі.
1996 жылдан — ОҚО бойынша салық полициясы басқармасы бастығының бірінші орынбасары. 1997 жылдан — ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі, бастықтың орынбасары, әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы, ҚР Бас прокуратурасының мемлекеттік органдар іс-әрекетіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы. 2001 жылдан — Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары. 2002 жылдан — Павлодар облысының прокуроры, 2003 жылдан — ҚР Әділет вице-министрі.
2005 жылдан — «Атамекен» одағы» ҚҰЭП атқарушы директоры. 2006 жылдан — «Ордабасы» корпорациясы» АҚ президенті.
2007 жылдың қыркүйек айынан бері — ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.
«Қазақстандық коммуналдық жүйелер» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы (2005 жылдың маусым айынан 2006 жылдың наурыз айына дейін).
2007-2011 жж. – «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
2012 жылғы қаңтардан бастап – «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
2012 жылғы 6 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалған.
«Құрмет» орденімен және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған (2001). ҚР Прокуратурасының Құрметті қызметкері.