Оңтүстік Қазақстан облысының ТЖ департаменті шұғыл кезекшісінің басқару пультіне 23 сәуірде сағат 12.30-да Ордабасы ауданы, Бөген ауылының 1986 жылы туылған тұрғыны, 1-топ мүгедегі 22 сәуірде шамамен сағат 07.00-де үйінен шығып кетіп, қайтып оралмағаны туралы хабар келіп түсті. Іздестіру тобы ұйымдастырылды. Ордабасы ауданының Бөген ауылында Түркістан магистральды каналында Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағы, Ордабасы ауданының №8, 18 өрт сөндіру бөлімдерінің, «Бадам» өрт сөндіру бекетінің, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ туыстары мен жергілікті халықтың бірлескен күштері іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Іздестіру тобы, оның ішінде ОҚО ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері Түркістан магистральды каналының 35 км, ал квадрокоптермен каналдың екі жағынан 3 км жері тексерді. Барлығы іздестіру жұмыстарына 73 адам, 3 техника, 1 үрмелі және 1 моторлы қайық, 1 квадрокоптер тартылды. Іздестіру жұмыстары жалғасуда.
ОҚО ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы