«Кселл» компаниясы «E-event» агенттігімен әріптестікте іске асырып отырған «Digital Life» мобильдік сауаттылық бойынша ауқымды жобаның екінші ауысымы бастау алды.
«Digital Life» жобасының мақсаты – смартфондар мен мобильдік қосымшалар ашатын мүмкіндіктер мен басымдылықтар туралы халықтың ауқымды тобының хабардарлығын арттыру. Жоба Қазақстанның 16 қаласын қамтиды және 2016 жылдың желтоқсанына дейін созылады. Жалпы «Digital Life» шеңберінде 90 оқытушы семинарлар мен шеберлік-сабақтары өткізілетін болады, оларға бірнеше мыңдаған адамдар қатысады.
«Digital Life» жобасы өткен жылдың маусым айында басталған, және 7 ай ішінде 4 мыңнан аса адам Қазақстанның 16 қаласында өткен шеберлік-сабақтарына, тренингтер мен акцияларға қатысқан және іс жүзінде барлық әлеуметтік топтарды – студенттерден бастап зейнеткерлерге дейін қамтыған. Биылғы жылы оқыту сабақтары Астанада, Алматыда, Қарағандыда, Шымкентте, Қостанайда, Ақтауда, Атырауда, Қызылордада, Өскеменде, Көкшетауда, Талдықорғанда, Павлодарда, Петропавлда, Таразда, Оралда және Ақтөбеде өтеді. Ол қалаларда шеберлік кластары келесі тақырыптарда өтетін болады, мысалы «Оқытуға арналған мобильдік қосымшалар» — онлайн оқуға мүмкіндік беретін мобильдік қосымшалар туралы; «Бизнеске арналған мобильдік қосымшалар» — қызметкерлердің жұмыстарын жоспарлауға, бақылауға, сондай-ақ кәсіпорында коммуникацияны жақсартуға арналған мобильдік қосымшалар туралы. «Мобильді мемлекет» шеберлік-сабағы gov.kz- қосымшасымен жұмыс істеуге үйретеді; «Мобильдік қауіпсіздік» балалардың болу жерлерін бақылауға және оларды Интернетте құқыққа қайшы контенттен қорғауға мүмкіндік беретін қосымшалармен таныстырады, ал «Мобильдік медиа» тақырыбы бойынша сабақтарға қатысу журналистер мен блоггерлерді қызықты онлайн-контентті жасауға арналған қосымшалармен жұмыс істеуге үйретеді.
Өткен жылы 50 жастан асқан 60 адамға смартфондарды пайдалануды үйреткен «Аталар, апалар және смартфон» арнайы жобасы жалғасын табатын болады.Биылғы жылы бұл жобаның географиясы елеулі кеңейтілетін болады: ол 10 қалада өткізіледі – Астанада, Алматыда, Қарағандыда, Шымкентте, Қостанайда, Ақтауда, Атырауда, Таразда, Ақтөбеде және Павлодарда. Оның міндеті 50 жастан асқан қазақстандықтарды смартфондарды пайдалануға және оларды толыққанды өмір мен жарқын байланысу үшін заманауи мобильдік технологиялардың басымдылықтарына үйрете отырып, «сандық тосқауылды» жеңіп шығуға үйретуден тұрады. Апалар мен аталарды смартфонды қалай теңшеуге болатындығына, ең танымал GooglePlay және AppStore қосымшаларын қалай пайдалануға, мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің көмегімен байланысу үшін электронды поштаны және аккаунттарды қалай ашуға, сондай-ақ денсаулыққа және бос уақытқа арналған қосымшаларды қалай пайдалануға болатындығына үйрететін болады. Биылғы жылғы мұндай алғашқы семинар Шымкент қаласында «Отырар» СК 25 сәуірден 29 сәуірге дейін өткізіледі.
«Біз «Digital Life» жобасын қуана жалғастыратын боламыз, себебі ұялы байланыстың пайдаланушыларының тарапынан біздің бағдарламаға жоғары қызығушылықты көріп отырмыз. Смартфондардың таралу деңгейі өсіп отыр, 2015 жылдың қорытындысы бойынша біздің компанияның желісінде 41% смартфондар тіркелген. Бұл ретте олардың иелерінің өздерінің ақылды құрылғыларын олардың нақты мүмкіндіктерінің төрттен бірін ғана пайдаланатындары құпия емес. Сонымен қатар «сандық тосқауылдың» шегінде пайдаланушылардың жартысынан көбі қалады, себебі олардың құрылғылары коммуникацияның заманауи технологиясының барлық басымдылықтарын пайдалану мүмкіндіктерін бермейді. Сол себепті де, біздің мақсатымыз – білім алу, ішкі әлеуетін және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін смартфондар ашатын орасан зор мүмкіндіктерді аша отырып, бұл «сандық тосқауылды» азайту»- деп атап өтті «Кселл» АҚ коммуникация бөлімінің басшысы Наталья Еськова.
Шеберлік-сабақтарының кестесін www.e-event.kz сайтынан білуге болады.