Жылу маусымының аяқталуына байланысты шаһарда ескі жылу жүйелерін жаңарту жұмыстары қолға алынуда. Осыған орай «Нұрсәт» шағынауданына қарасты бірнеше көпқабатты тұрғын үйлерде ыстық су уақытша тоқтатылған болатын. Бүгіннен бастап сондағы тұрғын үйлерге ыстық су беріле бастады. «Қуат жылу орталығы» мекемесіне қарасты әкімшілік-іскерлік орталығындағы қазандық алдымен 24 тұрғын үйді қамтуға кірісті. Енді бұл баспаналарға 64 градусты құрайтын ыстық су таратылады. Тұрғындар үшін әр текше метр ыстық судың құны 300 теңгеге тең. Мекеме инженерлері әзірге бір ғана қазандықты іске қосқан. Себебі, Нұрсәттегі ыстық суға қосылған тұрғын үйлердің саны көп емес.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі