Оңтүстік Қазақстан облысында полицейлер жергілікті кәсіпкерлерді бопсалап, ақша талап еткен Түркістан қаласының үш тұрғынын құрықтады.
ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Түркістан қаласының екі тұрғыны белгісіз тұлғалардың жеке кәсіпкерліктеріне зиян келтіреміз деп бопсалағаны туралы шағымданған. ОҚО ІІД ҰҚҚКБ-ның қызметкерлерімен жүргізілген жедел іс-шара барысында қолма-қол 50 мың АҚШ долларын алу кезінде күдікті ретінде 1953, 1956,1959 жылғы Түркістан қаласының жұмыссыз үш тұрғынын ұстады. Жедел уәкілдер тінту кезінде күдіктілерден 50 мың АҚШ долларын тәркіледі.
Полицейлердің анықтауы бойынша, күдіктілер жәбірленушілер үстінен жеке кәсіпкерліктеріне зиян келтіру мақсатында негізсіз түрлі айыптармен құқық қорғау органдарына, әкімшілікке арызданып, олардан 50 мың АҚШ долларын талап етіп, ақша бермеген жағдайда арыздарын тоқтатпайтынын айтқан.
Қазіргі таңда аталған жайт негізінде ҚР ҚК 194-бабымен «Қорқытып алу» қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауда. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПАН ГИ МУНМЕН КЕЗДЕСТІ
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы, Боао Азия форумының төрағасы, Жаһандық жасыл даму институты (GGGI) Ассамблеясының Президенті Пан Ги Мунмен...