Еліміздің ең қарт тұрғынын мереке қарсаңында облыс әкімінің бірінші орынбасары құттықтады. Яғни Төлеби ауданында тұратын Фатима Хайранованың шаңырағына Дархан Сатыбалды арнайы барып, сый сияпат табыстады. Үш ғасыр куәгерінің ақ батасын алып, рахметіне бөленгендердің қатарында аудан басшысы Әуелхан Тұрғымбеков те бар.120 жастағы Фатима әжей Грузия елінде дүниеге келген. 1941 жылы Ұлы отан соғысы басталған тұста Қазақстанға қоныс аударып, сол уақыттан бері Төлеби ауданында тұрып келеді. 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген ардақты ананың отағасы соғыста Ленинград шайқасында қайтыс болған. Содан бері тағдырдың тауқыметін тартқан кейуана қарапайым жұмысшы болып еңбек етіпті. Қазіргі таңда табиғи тағамдарды ғана ішетін Фатима әжейдің денсаулығы бірқалыпты. Соңғы 30 жылда науқастанып көрмеген ананың бүгінде ұл-қыздарынан 15 немере, 32 шөбересі 30 шөпшек, 4 неменесі бар. Мереке қарсаңында ақ жаулықты әже шаңырағына келген қонақтарға ақ батасын берді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПАН ГИ МУНМЕН КЕЗДЕСТІ
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы, Боао Азия форумының төрағасы, Жаһандық жасыл даму институты (GGGI) Ассамблеясының Президенті Пан Ги Мунмен...