ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкілеттігін ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың өкілеттігі зейнеткерлік жасқа толған күннен бастап 2020 жылғы 9 ақпанды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылып отыр.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
ҚР Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстанның мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік наградалар табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет...