Оңтүстіктегі 3 бірдей білім ордасының директоры лауазымына конкурс жарияланды. Олар: Кентау көпсалалы колледжі мен Қазығұрт ауданындағы Жамбыл Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика- математика мектеп-интернаты және Төлеби ауданындағы құлағы нашар еститін балалар үшін Ленгір қосалқы мектеп-интернаты. Аталған білім ордаларына басшы боламын деген азаматтарға қойылатын талапта таудай. Яғни, жоғарғы педогогикалық білімі және білім беру ұйымдарындағы педогогиклық жұмыс өтілі бес жылдан кем болмауы тиіс. Жүктелген міндет те жоғары. Нормативтік талаптарға сәйкес, есеп жүргізіп, оқу –материалдық базасының сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз ете білгені жөн. Ең бастысы, ұжымды жетістікке жеткізіп, шәкірттердің саналы әрі сапалы білім алуына жағдай жасау.
БИЫЛ ЖЕМҚОРЛАРДАН ТӘРКІЛЕНГЕН ҚАРЖЫҒА САЛЫНҒАН 25 МЕКТЕП АШЫЛАДЫ
Бұған дейін апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу үшін Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен 76 738 орынға арналған...