2008-2012 жылдар аралығында Шымкент қаласын басқарған Арман Шәріпбайұлы 1971 Жамбыл облысында туылған. Білімі жоғары. 1993 жылы қазақ химия-технология институтын, 2003 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін инженер-құрылысшы, экономист мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1992 жылы қыркүйекте Шымкент қаласындағы «Стройинвест» шағын кәсіпорнында тас қалаушы болып бастаған. 1993-1998 жылдары коммерциялық құрылымдарда басшы қызметтер атқарды. 1998 жылдың ақпанынан 1999 жылдың шілдесіне дейін «Автосервис және сауда», «Алаугаз» АҚ вице-президенті, «Алаутрансгаз» ЖШС-нің, «Южгаз» ААҚ-ның, «Шымкентгаз» ЖШС-нің директоры болып еңбек етті. 1999 жылдың шілдесінен 2005 жылдың тамызына дейін «Казкоммерцбанк» ААҚ Шымкент және Қызылорда филиалдары директорының орынбасары, директоры, «Қырғызавтобанк» АҚ және «Казкоммерцбанк-Қырғызстан» ААҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Шымкент қаласындағы «ARNA» корпорациясы» АҚ-ның басқарма төрағасы қызметтерін атқарды. 2005-2006 жылдары ОҚО-ндағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы дирекциясы» ММ директоры, 2006 жылдың қазанынан ОҚО әкімінің орынбасары, 2008 жылдың 19 ақпанынан 2012 жылдың 24 сәуіріне дейін Шымкент қаласының әкімі қызметін атқарған.
БИЫЛ ЖЕМҚОРЛАРДАН ТӘРКІЛЕНГЕН ҚАРЖЫҒА САЛЫНҒАН 25 МЕКТЕП АШЫЛАДЫ
Бұған дейін апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу үшін Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен 76 738 орынға арналған...