2015 жылдың 10-желтоқсаны күні жауын-шашын мен қардың ұйытқуынан облысымыздағы республикалық маңызы бар бірнеше тас жолдар жабылды. Атап айтқанда, Бәйдібек ауданындағы «Бірлік-Жарықбас-Қошқарата» жолының 124-ші шақырымындағы «Шыбықбел» және Созақ ауданының «Шолаққорған-Шаян-Екпінді» тас жолының 606-шы шақырымындағы «Одаманбұлақ» асуларында тұман мен көктайғақ салдарынан барлық автокөліктерге жол жүруге тиым салынды. Сонымен қатар, «Термез-Ташкент-Алматы» тас жолдарының да 528-593-ші шақырымдарында дәл сондай хабарлама жасалынды. Ауа райының күрт бұзылуын байланысты ОҚО ТЖД жолаушыларға өз қауіпсіздіктері үшін жолға шықпау туралы қатаң ескертеді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПАН ГИ МУНМЕН КЕЗДЕСТІ
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы, Боао Азия форумының төрағасы, Жаһандық жасыл даму институты (GGGI) Ассамблеясының Президенті Пан Ги Мунмен...