Оңтүстік Қазақстан облысының оқушылары Дүниежүзілік «USMAS» бағдарламасының ұйымдастыруымен ХХ ментальді арифметикадан өткізілген жарыстан жүлделі болып оралды. Үндістан мемлекетінің астанасы Делиде өткен халықаралық жарысқа 60 мемлекеттен 10 000 бала қатысты. Елімізден барған оқушыларды малайзиялық бағдарлама бойынша «Аллиар» оқу орталығы дайындаған. Шетелде топ жарған жас өрендер қаламыздағы №65 мектеп-гимназиясының оқушылары.
«ҚАРТҚОЖА» ДЕРЕКТІ ДРАМАСЫ САХНАЛАНДЫ
Қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында премьера. Мұнда Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына орай, оның "Қартқожа" деректі драмасы сахналанды. Қойылымды жас режиссер...