Қазақстан Бокс Федерациясының 2015 жылғы кубогы үшін ұйымдастырылған сайыс сенбі күні Шымкент қаласында өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған аламан додаға еліміздің 4 бірдей облыстарының жеңімпаз боксшылары қатысты. Биыл осымен 6-рет өткізіліп отырған дүбірлі сайыстың жартылай финалында ОҚО-ның құрамасы Астана қаласының былғары қолғап шеберлерімен күш сынасып, қарсыластарын 6:4 есебімен ұтып, мәртебелі сайыстың жеңімпазы атанды. Соңғы шешуші сында, алыптар бәсекесінде Нұржан Бекзатов Назар Жанайдаровтан басым түсті. Осылайша көпшілік асыға күткен кубоктың иегері — ОҚО құрамасы. Оңтүстіктің үздік боксшыларын шын жүректен құттықтаймыз, жарайсыздар!!!
АРМАТУРА БАҒАСЫ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАУДА
Елімізде арматура шығаратын 8 кәсіпорын жұмыс жасайды Су тасқынынан зардап шеккен нысандарды қалпына келтірудегі қажетті арматураның бағасы қадағалауда болады. Ағымдағы...