Өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов қаладағы бірнеше кәсіпорындарды аралады. Онда ол жоғары вольтті электротехникалық құрылғылар шығаруға маманданған зауыттың жұмысымен танысты. Зауыт «Электроаппарат» ЖШС-і 1960 жылдың 1 мамырында құрылған. Кәсіпорында электроқұрылғылар шығару бойынша кіші кластер құру сұрақтары талқыланды. Сондай-ақ ол қорғасын өндіретін «Южполиметалл» АҚ-да болды. Онда кәсіпорынды кіші және орта бизнесті дамытатын индустриалды алаңға айландыру мәселесі талқыланды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Қазақстанға іс-сапары барысында аталмыш кәсіпорынды қала сыртына көшіру және орнында индустриалды аймақ құру қажеттілігін айтқаны белгілі. Кәсіпорын басшыларымен территорияны тазарту, өнеркәсіптік аймақты Абай ауданын дамыту мақсатында қолдану жөнінде айтылды.
ДИАБЕТТІК ТАБАН СИНДРОМЫНА ШАЛДЫҚҚАН НАУҚАСТАРҒА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Медицина орнында тұрған жоқ. Күннен күнге қарыштап дамуда. Біздің елімізде де көштен қалмай бұл салада көп жетістіктерге қол жеткізуде. Мемлекеттің...