Жұма күні өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің президенті Сауытбек Абдрахмановпен кездесті. Кездесуде өңірдегі аудан, қалалардың даму жоспары мен халықтың тұрмыс жағдайы және болашақ жобалар туралы әңгіме өрбіді. Өз кезегінде, С.Абдрахманов киелі Оңтүстіктің барлық салаларда озық өңірлердің бірі екенін атап өтіп, өңір басшысына берекелі істердің бастауына ұйытқы болуда қызметіне сәттілік тіледі. Оңтүстік Қазақстан облысына келген республикалық басылымның президенті «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне» орай ұйымдастырылған жиынға қатысып, студенттермен кездесті.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
ҚР Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстанның мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік наградалар табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет...