Қырғызстанда қуаты 6,2 баллдық жер сілкінісі Шымкентте, Тараз бен Алматыда сезілді — деп хабарлайды қазақстандық сеисмологтар. Хабарда айтылғандай, жел сілкінісінің ошағы Алматының оңтүстік-батысында 430 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында тіркелген. «Жер сілкінісінің магнитудасы MPV 6,2. Жер дүмпуі Қазақстанның оңтүстігінде – Шымкентте, Таразда, Жамбыл облысының Меркі кентінде 3 балл болып сезілсе, Алматыда 2 балл болды. Адам шығыны мен қирандылар туралы мәліметтер жоқ. Бұл туралы ҚазТАГ ақпарат агенттігі хабарлады.
АЛАЯҚТАР АЗАМАТТАРҒА 44 МЛН РЕТ ҚОҢЫРАУ ШАЛДЫ
Соңғы уақытта банктер, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік орган қызметкерлерінің атынан қоңырау шалу жиілеп кетті. Қазір шетелден жасалған алаяқтық...