Қала әкімі Түркияның Алматыдағы бас консулы Рызак Ахан Йылмаз бен вице-консул Алпер Алтай жəне атташе Осман Элгунмен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтамақтастық пен өзара әріптестік қарым-қатынас жайы сөз болды. Түркиялық инвесторлардың айтуынша, қазақ-түрік елдерінің бірлескен іскерлік жобалары тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік жағынан да үлкен мәнге ие. Айта кетейік, түрік инвесторлары алғаш болып Шымкент қаласының даму концепциясына қызығушылық танытуда. Қала әкімі шетелдік инвесторларды жаңа заман талабына сай құрылатын «Shymkent city» заманауй тұрғын-үй ауданының жобалық сызбасымен таныстырды. Өз кезегінде, түрік елінің өкілдері ел аумағында теңдесі жоқ халықаралық үлгідегі аквапарк пен «Дисней Ленд» жобасына өз тарапынан қатысуға дайын екендігін жеткізді. Қазақ елінің үшінші мегаполис қаласы атануға талпынған Шымкенттің жарқын келешегін бағамдай келе, қонақтар сөзін «Шымкент – Қазақстанның гүлденген, өркендеген өмірінің символы болып қала береді» — деген жоғары рухты сөздерімен тәмамдады.
БИЫЛ ЖЕМҚОРЛАРДАН ТӘРКІЛЕНГЕН ҚАРЖЫҒА САЛЫНҒАН 25 МЕКТЕП АШЫЛАДЫ
Бұған дейін апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу үшін Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен 76 738 орынға арналған...