50 жылдан астам тарихы бар Кентау Трансформатор зауытының қуаттылығы мол. Яғни қосалқы станциясын шығарумен айналысатын бірден-бір қазақстандық кәсіпорын. Бүгінде мың жарымға тарта жұмысшы жұмыс істейтін зауыт мұнай газ өнеркәсібіне, теміржолшыларға және басқада салаларға қажетті екі жүзден астам түрлі өнімдерді өндіреді. Белгілі өнім Қазақстанмен қатар шетелдерге тасымалданады. Атап айтсақ, экспорттың 30 пайызға дейінгі көлемі Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Ауғанстан елдерін қамтып отыр. Сұраныс күннен күнге көбейіп, әлемді жайлаған дағдарысқа төтеп беріп отырған кәсіпорынның басшылығы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайына ескіні жаңартуды жоспарлап отыр. Естеріңізге сала кетейік, «Бәйтерек» Холдингі 2015 жылдың көктемінде Мемлекет басшысының бастамасымен компанияларды қолдау мақсатында құрылған бағдарламаны іске асыруға кіріскен болатын. Нәтижесінде орта бизнестің басында жүргендер жаңа жобаларды іске қосып, эспортты еселеп отыр.