b049e7896bfdf89b14aeecd7383eb1d5

Атырауда Қазақстанның экс-премьері Нұрлан Балғымбаевпен қоштасты

Қазақстанның экс-премьері Нұрлан Балғымбаевпен қазақ жұртшылығы қоштасты. Туыстарының Нұрлан Балғымбаевпен қайырласуы таңғы сағат 8-00-де марқұмның туған үйінің жанында өтті. Одан кейін таңғы сағат 9-00-де Дина Нұрпеисова атындағы мәдениет сарайында азалы митингі өткен. Оны ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов ашып, мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың көңіл айту жеделхатын оқып берді. Еске салсақ, Атырауда сәрсенбі күні 68 жасында ұзаққа созылған науқастан соң Нұрлан Балғымбаев өмірден өтті. Ол Қазақстанның мұнай және газ министрі, «ҚазақОйл» мұнайгаз ұлттық компаниясының президенті қызметтерін атқарды. 1997-1999 жылдары ҚР Премьер-министрі де болды. Кейін ол «ҚазақОйл» Ұлттық мұнайгаз компаниясы» президенті, «Қазақстан мұнай инвестициялық компаниясы» АҚ президенті болған.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!