02

«Байтақ жерді қорғап қалған батырдың, Бағалайтын күн бола ма, еңбегін?!»…

XVI ғасырдың орта тұсында хан Тәуекелдің сенімді сардары болған атағы асқақ Алатау батырдың ескерткіші Түркістан төрінен тұрғызылды. Атойлап мерекені тойлап жатқан еліміз үшін маңызды оқиғаны Оңтүстік жұртшылығы біркісідей атсалыспағаны көңіл қынжылтты. Олай деуімізге себеп, 16 қазан күні Алатау батырдың ескерткішінің ашылу рәсіміне ақын-жазушылар бастаған санаулы ғана зиялы қауым өкілдері қатысты. Халқымыздың бірлігін, еліміздің егемендігін аңсап өткен тау тұлғаның жетімсіреген тас мүсінін табиғат ана да жоқтап тұрғандай көрінді. Өйткені, бұл тұста нөсерлетіп жауған жаңбырдың легі батырдың көз жасындай төгілді.  05

Қазанғап Байболұлының «Еңсегей бойлы ер Есім» дастанында Алатау батырдың ерлігі кеңінен баяндалған. Ал, Шардара ауданындағы бір қауым ел қоныстанған ауыл «Алатау» есімімен аталады. Түркістанда тұрған салмағы 2 тонналық  әлемдегі ең үлкен тайқазанды көтерген жалғыз балуан осы Алатау батыр екен.030401

Қазақ Хандығының 550 жылдығы тойланып жатқан тұста Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев ел үшін маңызды шараға келмеді. Өйткені, Алатау батыр ескерткіші түбі бір түркі жері Түркістанда бой көтерген. Облыстан арнайы делегация ұйымдастырып, қоғам өкілдерін шараға қатыстыру қажет еді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: «Бәріміздің киелі атамекеніміз бар, ол – қазақтың Ұлы Даласы. Сол далада бабалардың ізгі аманатын орындау жолында біз құрған қасиетті Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік – біздің маңдайға басқан бағымыз, мәңгі сақтауға тиіс аманатымыз. Ұлы Түркі Елі – ол біздің ортақ бабаларымыз бен батырларымыз, ортақ рухани байлықтарымыз бар ортақ арғы Отанымыз. Ол — біздің бірлескен ұлы мұрамыз». Атырау мен Алтай арасын, Сарыарқа мен Қаратау жерін көзінің қарашығындай қорғаған халқымыздың батыр бабалары Ұлан ғайыр атырапты өлкені ұрпағына аманаттады. Түркістанда батыр ескерткішін тұрғызамыз деп бастама көтерген бір топ азамат білуімізше жердi, жекенің меншігінен сатып алған. Тиісті әкімдік те бұл аумаққа қандай нысан түсетіндігін қадағалап отыруы тиіс. Облыстық Мәдениет басқармасына хабарласқанымызда, басқарма басшысының орынбасары Асылхан Темірхан батыр ескерткішінің ешқандай төлқұжаты жоқ екендігін айтады.

Ерлан Отарбаев




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!