n

Облыс әкімі Түлкібас ауданында болды

Қазанның 9-күні Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов жұмыс сапармен Түлкібас ауданында болып, аудандағы бірқатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды аралап, жұмыстарымен танысты. Аймақ басшысы, алдымен, Машат ауылындағы Баймахановтар отбасы демеушілік жасаған балабақша, спорт кешені, балабақша, кітапхана және аллеяны аралап көрді. Іргетасы 2011 жылы қаланған кешенде спорттың волейбол, еркін күрес, бокс және футбол түрлерінен спортшылар жаттығып, дайындалады. Өткен жылы ғана пайдалануға берілген 50 орындық балабақшада жергілікті 20 тұрғын жұмыспен қамтылған. Мұнан бөлек, жергілікті демеуші ауылдағы мешітті күрделі жөндеуден өткізіп, елдімекендегі медициналық тірекке жедел жәрдем көлігін алып берген, сондай-ақ, кітапханаға да қаржылай қол ұшын созған. Жалпы сомасы 157 миллион теңге қаржы бөліп, туған ауылының көркеюіне атсалысқан түлкібастық кәсіпкерге облыс басшысы ризашылығын білдіріп, атымтай жомарттан қалталы азаматтардың үлгі алуы керегін айтты. Мұнан соң, Б.Атамқұлов Машат ауылдық округіне қарасты Еңбек ауылындағы қыркүйек айында пайдалануға берілген 200 орындық Т.Әубәкіров атындағы орта мектептің жұмысымен танысты. Мектептің құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 380 миллион теңге қаржы бөлінген. Аймақ басшысы жаңа ғимаратты аралап көріп, сапасын бақылады. Сужаңа ғимаратта оқып жатқан шәкірттермен тілдесіп, сабақты жақсы оқуға шақырды. Аудандағы Арыс ауылдық округінде орналасқан бекіре балығын өсіру шаруашылығы мен асылтұқымды жылқы фермасының жұмысы да аймақ басшысының көңілінен шықты. Осыдан үш жыл бұрын жұмысын бастаған шаруашылықтың жалпы құны 452 миллион теңгені құрайды. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысын 25 тонна форель, 15 тонна бекіре етімен және 300 келі уылдырықпен қамтамасыз етіп отырған ферма болашақта өнімін шетелге экспорттауды жоспарлап отыр. Шаруашылықтың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысқан өңір басшысын бассейндердің бетінде өсіріліп жатқан құлпынай мен салат жапырақтары ерекше таң қалдырды. Бір кәсіптен екінші кәсіп ашып, қаржы тауып отырған шаруаларға аймақ басшысы оң бағасын берді.

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!