Оңтүстікте жолдың қауіпті аймақтарына «Темір дөңгелек қағар белдеуі» орнатылады

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын оңтайландыру мақсатында алғаш рет өңірімізде «Темір дөңгелек қағар белдеуі» орнатылды. Яғни Оңтүстік Корея елінен шығарылатын мұндай қондырғы жолдың қауіпті аймақтарында автокөліктердің жол жиегінен шығып кетпеуін және көлік құралдарының қауіпсіз ыңғайлы қозғалысын үйлестіреді. Осылай деген Кореялық компания өкілдері  Сайрам ауданына қарасты облыстық маңызы бар жолдың 13-ші және 14-ші  шақырымдары аралығына Темір дөңгелек қағар белдеуін әзірге таныстырылым ретінде тегін орнатып берген. Айтуларынша, бұл заманауи белдеудің артықшылығы соқтығысу орамы резинадан жасалған,  яғни бұл автокөліктердің барынша зақымдануын азайтуға септігі мол. Осы ретте жаңа бастамамен арнайы келіп танысқан облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков мұндай қауіпсіздік белдеулердің тиімділігі мол екендігін айтады. Сондықтан келесі жылдан бастап  өңіріміздегі жол апаттарының алдын алу үшін қауіпті аймақтарға дәл осы шет елдік «Темір дөңгелек қағар белдеулері»орнатылуы мүмкін.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!