«Айғақ» телеарнасы — «Медиа-Экспо – 2015» көрмесіне қатысты

«Медиа-Экспо – 2015». Бұқаралық ақпарат құралдарының мәртебесін көтеріп, мерейін асыратын көрменің Қазақстанда бастау алғанына биыл төртінші жыл. Бас редакторлар клубының ұйымдастыруымен өтетін шара отандық медианарықтың мүмкіндігін көрсетуге бірден-бір сеп.  Елорданың төріндегі Қазмедиа Орталығында өткен ақпарат өкілдерінің республикалық көрмесіне шақырту алған  «Айғақ» телеарнасы аймақтар арасында қатысу мәртебесіне ие болған жалғыз телеарна.

Салада жиырма жылдан астам уақыт қызмет жасап келе жатқан Отандық телевизияның алыптары «Қазақстан» Ұлттық арнасы, «Хабар» агенттігі, сондай-ақ, «Президенттің телерадиокешені», «Жетінші арна», «Саксес» медиагенттігі, Халықаралық «Жиһан» телеарнасы, «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Литер» секілді республикалық басылымдардың таныстырылымы өткен көрме өзара мүмкіндіктерін айқындап берді. Ақпарат таратудағы жылдамдық пен туралық, сапасы мен санаға ой салу, сол арқылы әлеуметтік тұрмыстың түзелуін, бұқарамен байланысты нығайтуды меңзейтін бағдарламалар турасы талқыланды.

Жаңашыл технология мен актуальді мәселелерді таныстырылым арқылы ашық алаңға салған ақпарат өкілдері үздік өнімдерін жарнамалап жатты. Отандық телевизияның саладағы үлкен қадамдары бағдарламалар рейтингін арттырып отыр. Есесіне мұндай хабарлар халықтың қолдауына ие. Жариялылық пен ашықтық, тарихи, танымдық жобалар ел мерейін үстем етуге бағыт алған. Бұл ретте, ауқымды тірліктердің бастамашысы болып жүрген «Айғақ» телеарнасының мақсаты – айқын, міндеті – зор.

Телеарна басшысы Дулат Әбіштің бастамасымен Ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, тарих беттеріндегі ақтаңдақтырымызды ұлықтап, өнеге ісін елге таныстыруда дайындалатын бағдарлама тізбегі ізденіс пен еңбектің нәтижесінде туындайды. Сол арқылы Тәулігіне 17 сағат эфирлік таралымын жасайтын арнамыз төл туындыларын елге ұсынып келеді. Республикалық көрмеде БАҚ арасында өз жұмысын таныстырған «Айғақ» телеарнасының айқын бағыты сала мамандарымен үлкен қолдауға ие болды.

Бас редакторлар клубының пікірталас бөліміне жалғасқан жиын отандық медианарықтың мамандары мен танымал сарапшылардың ой талқысын  таразыға салды. Үлкен экран арқылы бейнероликтердің таныстырылымы болып, графикалық дизайн, жаңаша үлгі назарға ұсынылды. Қарышты қадам мен батыл бастамалардың заман талабына сай біздің елімізде де дамуы  көңіл қуаныш сыйлады.

Отандық телевизия саласының дамуы – эфир мәдениетінің түзілуімен көрермен жұртқа жеткізер мағлұматтың туралығы, мән-мағынасымен ерек. Танымдық бағдарламалар арқылы қауымды ақпаратпен қамтамасыз етсе, ел жастарына өзіндік туындылар арқылы тәрбиені сіңіреді. Болашақ бүгіннен басталады десек, телеарналарда көрсетілетін сериалдар мен хабардың сана-сезімге әсері де жоқ емес. Сондықтан, сала мамандары үнемі ізденіс үстінде. Отандық медианарықта өзіндік имиджін қалыпстастыруда төл туындылардың сұраныс рейтингі жоғары болуымен ерекшеленбек. Бұл турасында республикалық «Медиа Экспо 2015» көрмесіне қатысқан танымал журналистер пікірі былайша ойысты.

Салтанат Тойболова




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!