Шымкент зообағындағы өзгерістер

Жануарлар әлемін табиғи тамашалауға мүмкіндік беретін зообақ Алматы мен Қарағандыдан соң Оңтүстікте ғана бар. Өңірімізге еңбегі сіңген көрнекті тұлға Асанбай Асқаровтан қалған асыл бұйымдардың бірі – хайуанаттар бағы десек болар. 1979-1981 жылдары негізі қаланған зообақ Оңтүстік жұртшылығы мақтан етер қоғамдық орындардың біріне жатады. Бүгінде қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқан хайуанаттар бағына арналған жоспар ауқымды. Кезең-кезеңімен атқарылатын құрылыстың биылғы жылы 2 аймағы бітуге тиісті. Бірі сыртқы көрінісі сайын даланың шоқысын елестетін Тау аймағы болса, екіншісі Африка зонасы. Әлемдік стандартқа сай етіп салынып жатқан нысандар келушілердің жануарларды еркін тамашалауына және аңдардың табиғи өмір сүруіне жағдай жасайды. Хайуанаттар бағында қазіргі таңда қазақ жерін мекен ететін жабайы аңдармен қатар, тропикалық әлемнің тіршілік иелері де жеткілікті. Тіпті кейбірінің саны артып та кеткен көрінеді. Алайда мекеме оларды қорыққа жібере алмайтындығын айтады. Себебі адам қолына үйренген хайуанаттар табиғатта тіршілік жасай алмауы мүмкін немесе елдімекендерге жол тартып кетуі де ғажап емес. Бүгінде әлем бойынша 900-дей хайуанаттар бағы болса, оның 3 Қазақстанда. Шымкенттегі зообақ құрылыстары толығымен аяқталған жағдайда ТМД елдері бойынша көш бастайтын болады. Ал оның игілігін көретін күн де алыс емес.

Абдумутали Жұмаш

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!