Облыстық Кәсіпкерлер Палатасын енді Асқар Абубакиров басқарады. Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған ол осыдан екі жыл бұрын Өңірлік Кәсіпкерлер Палатасында директор орынбасары болып жұмыс жасаған. Бұған дейін Астанада Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының орталық аппаратында сервистік қызмет көрсету департаментінің директоры қызметін атқарған. Аймақтық кәсіпкерлер кеңесі мүшелерінің қолдауымен ОҚО Кәсіпкерлер Палатасының тізгінін ұстаған Асқар Бегдәулетұлына артылып отырған сенім жоғары.
ҚАЛА ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИҒА ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫЛДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Президент тапсырмасына сай елімізде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы бастау алды. Жұманың әр күні табиғатты аялау іс-шараларына арналмақ. Өткен жұмада қала...