Шырайлы шаһар Шымкенттің көркін арттыруға бағытталған «Таза қала» акциясы биыл да өз жалғасын табуда. Ағымдағы жылы жаңадан құрылған Қаратау ауданы аталмыш шараға алғаш рет қатыспақ. Осыған орай комиссия құрамы әрбір 15 күн сайын өтінім берген тұрғындардың ауласы мен көшелерін аралауда. Жалпы, «Үздік аула» номинациясы бойынша азаматтардан 22 өтініш келіп түссе, «Үздік көше» атануға ниеттілердің саны 30-ға жуықтайды. Қорытындысы күзде белгілі болатын акция жеңімпаздары қаржылай сыйлықтармен марапатталатын болады.
Әбдімүтәлі ЖҰМАШ