вакцинация-против-гепатита

Қызылшаға қарсы екпе салу жұмыстары қайта жүргізілетін болды

2015 жылдың 1 қазанынан бастап 15 пен 19 жасқа дейінгі тұлғаларға қызылшаға қарсы екпе салынатын болады. Ағымдағы жылы облыс бойынша 185 мың жасөспірімге екпе жүргізу жоспарланса, оның ішінде 54,3 пайызы вакцинамен қамтылған. Бұл шара кейінгі жылдары аталмыш індеттің кеңінен таралуына байланысты жүргізілмек. Мамандардың айтуынша бүгінде қызылшамен ауырғандардың саны 2 есеге жоғарылаған. Ал аурудың алдын алудың жалғыз жолы екпе егу дейді. Әрине, егу жұмыстары ата-ананың келісімімен ғана жүреді. Осы орайда жауапты қызметкерлер вакцинаның еш қаупі жоқ екенін және дәрі егілген баланың бақылауда болатынын айтады.

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!