2

Шымкентті Ғабидолла Әбдірахымов басқаратын болды

19 тамыз күні Шымкентке жаңа әкім келді. Қалалық мәслихаттың кезектен тыс өткен сессиясында облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов халық халаулыларына жаңа басшының кандидатурасын ұсынды. Өз кезегінде депутаттар бұл ұсынысты бір ауыздан қолдап, дауыс берген  соң, облыс басшысы  зиялы қауым өкілдері мен  әкімдік аппараты алдында жаңа әкімді таныстырды. Ол — Ғабидолла Әбдірахымов. Ал, 2,5 жылдан аса уақыт қаланың тізгінін ұстаған білікті басшы Дархан Сатыбалды облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметіне кірісті.16

Дархан Сатыбалды қаланы басқарып тұрған жылдары Шымкенттегі бірқатар шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер мен түйткілдерді реттеп, оң шешімін тапты. Осы уақыт аралығында халықтың әл — ауқаты артып, ел экономикасы қарышты дамыды. Еліміздегі үшінші қаланың шырайы мен келбетін көріктендіруде  өз үлесін қосты. Ал, шырайлы шаһардың ендігі басшысы Сарыағаш ауданының тумасы Ғабидулла Әбдірахымов. Экономист — бухгалтер мамандығын игерген  Ғабидулла Рахметоллаұлы 1999-2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  маманы, бөлім бастығы, төраға кеңесшісі және орынбасары қызметтерін атқарған. 2013 жылдан бері Қазақстан Ресубикасы Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып еңбек еткен.

Еңлік Заманхан




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!