16

Сенатор ауыл-аймақты аралап жүр


17Оңтүстікте іс-сапарда жүрген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов Елбасының «100 нақты қадам» ұлт жоспарын насихаттау мақсатында Түлкібас ауданына арнайы барды. Алдымен насихаттық топ ауданға қарасты Азаттық ауылындағы «Майлыкент- сүт»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Жұмысшы топ жылына 3 тонна сүт өңдеп, айран, қаймақ, сынды басқа да түрлі сүт өнімдерін шығарып, ауыл азаматтарына жұмыс ашып отырған зауытқа алғысын жеткізді. Мұнан кейін сапар Тұрар Рысқұлов ауылындағы полиэтилен құбырын өндіретін «Стас и К» өндірістік коперативінде жалғасты. Қуаттылығы күніне 4000 тонна полиэтилен құбырын өндіретін цехтың тыныс тіршілігін аралап көрген сенатор сапалы өнімге сұранысы жоғары екенін алға тартты. Іс сапар соңы түс ауа аудан әкімдігінде жалғасын тауып, жаңа реформаның «100 нақты қадамы» жан-жақты талқыланды.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!