9

Оңтүстіктің өзіндік бренді қалыптасуы керек

7
Аптаның сейсенбісінде облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов ауыл шаруашылығы өркендеген соның ішінде жылыжайдың көлемі бойынша елімізде көш бастап тұрған Сарыағаш ауданына арнайы жұмыс сапарымен барып, онда атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Өңір басшысы алдымен жеміс пен жүзімнің көп жылдық екпелерін баптайтын «Жер сыйы» ЖШС-ның тұқымбағында болды. Өздеріне тиесілі 94 га егістің жартысынан көбін үнемді әдіспен суғаратын серіктестік түрлі жеміс және субтропикалық, декоративтік көшеттерді өсіруде. Тұқымбақты аралап, жұмысшылармен жүздескен облыс әкімі аймақта қарқынды көшет өндіруді толықтай қолға алу қажеттілігін айтып, тамшылатып суғарылатын егістік алқабының көлемін арттыру жайына ерекше тоқталды. Сапар барысында «Ынтымақ-Бесарыс» ЖШС-ның 14 га аумақты алып жатқан интенсивті алма бауында атқарылған жұмыстың жайын көрді. Осы жерде сала мамандармен кеңескен өңір басшысы ауыл шаруашылығы саласында оңтүстіктің өзіндік бренді қалыптасуы қажеттілігін айрықша айтып, облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевқа бренд символикасын әзірлеуді жүктеді. Жалпы еліміздегі жылыжайлардың 87 пайызы Оңтүстік Қазақстанға тиесілі соның 50 пайызы Сарыағашта орналасқан. Облыс әкімі шетелден келетін өнімдердің орнын толтыру үшін жауаптыларға осы салаға барынша басымдық беріп, еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұранысты отандық өнімдермен алмастыру бағытында жоспарлы жұмыс жасауды міндеттеді. Осы тұрғыда Сарыағаштағы жылыжай мен тамшылатып суару технологиясын ендіру тәжірибесін өзге аудандарға үлгі ретінде таратуды айрықша айтты.

8

Сонымен қатар, сапар  барысында облыс әкімі Жаңа құрылыс елді мекеніндегі құрылысы аяқталған мектептің ғимаратын аралап көріп, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында да болды. Бүгінде Сарыағаштағы  142 мектепте 70 мыңнан астам оқушы білім алады. Ауданда биыл бірқатар жаңа білім нысандарын пайдалануға беру жоспарлануда. Ал, «Бес қара» ЖШС-ның құрама жем цехында қытайдан келген мамандар жергілікті ауыл тұрғындарына жем шығару  үрдісін үйретуде. Осы кешен маңындағы құс фабрикасында бүгінде 60 мыңнан астам құс өсірілуде.  Алда осы маңнан заманауи құс өсіру кешені де ашылмақ.

Ал, мұнан кейін Сарыағаш курорттық аймағын дамыту жобасының таныстырылымына арналған мәжілісте ОҚО кәсіпкерлік, индустриялды — инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Бауыржан Омарбеков бүгінде 134 га жердің игерілгенін жеткізіп, болашақта аумақтың 600 га құрайтынын айтты. Жоспар бойынша аймақ біркелкі қоршаумен қоршалып, жол жөнделеді, ағаш көшеттері отырғызылады, көгалдандыру жұмыстары қолға алынады. Ескі ғимараттардың іші-сырты әрленіп, инфрақұрылым ретке келтіріледі. Заман талабына сай жайлы мейрамхана, қонақүй, аквапарк салынып, сауда қатарлары біркелкі түрге енеді. Сондай-ақ, шипажайға барар жолдың бойына еңселі арка салынады.  Жиынды қорытындылаған өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов Сарыағашты еліміздегі белді курортық орталыққа айналдыру үшін сала мамандарымен жұмыла жұмыс жасау қажеттілігін айтып, тиісті министрлік өкілдерінің қатысуымен арнайы семинар өткізіп, онда осы жоба-жоспарды тиянақты таныстыруды тапсырды.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!