11

Білім беру қызметкерлерінің кезекті тамыз кеңесі

«Жаңа білім бағдарламалары, инновациялар және құзіреттілік тәсілдеме – табысты мектепке қадамдар». Биылғы тамыз кеңесінің тақырыбы дәл осылай деп аталды. Мектеп ұстаздары мен білім саласына жауапты қызметкерлердің басын қосқан жиын алғаш рет сәні мен салтанаты келіскен «Түркістан» сарайында аталып өтті. Өткен жылға еңсерген жетістіктер мен алдағы адымды жоспарлар сараланған «Тамыз» кеңесінде жыл жұмысының үздіктері марапатталды. Мерейі үстем болған мамандық иелері ерекше қошеметке ие болды. 1500 мыңға жуық  ұстаздар қауымы мен білім саласының жауаптылары қатысқан кеңес атқарылған тірліктер мен алға қойған мақсат-міндеттерді айқындап  берді. Өңірде биыл республикалық және облыстық бюджет есебінен 104 білім нысанының құрылысы қолға алынған. Оның ішінде жыл аяғына дейін 67 білім мекемесінің құрылысын аяқтау жоспарланса, бүгінге дейін 37 нысан білім күніне сақадай сай тұр. Шәкірттердің игілігіне берілген жаңа нысандардың ішінде ғимараты апатты деп танылған 19 мектептің де құрылысы аяқталып отыр. Жыл соңына дейін осы санаттағы тағы 10 мектептің құрылысын бітіру жоспарда бар. Ал, қалған 27 апатты жағдайдағы мектептің мәселесі 2017 жылға дейін өз шешімін таппақ. Сонымен қатар, биыл 100 білім ошақтарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде екен. Қазіргі таңда осы бағыттағы жұмыстардың 80 пайызын аяқталып үлгеріпті. Негізі білім мекемелерінің жөндеу жұмыстарын облыс аумағында 25 тамызға дейін аяқтау жоспарда бар.

10 9

Мінберге шығып, өз пікірін білдірген азаматтар білім саласындағы жеткен жетістіктерді айта келе, кемшіліктер жоқ еместігін тілге тиек етті. Мәселен, жарыссөзде сөз сөйлеген жаратылыстану ғылымдарының доценті Сәбит Құдайбергенов мектеп оқулығындағы 10-11 сыныптардың математика пәнінде олқылықтар көптеп кездеседі дейді. Бұл бағдарламаларды оқушы тұрмақ, мұғалімнің өзі жіті түсіне бермейтін-ді екен. Бұл турасында министрлікке ұсыныс тастап, оқулық бағдарламасын қайта қарауды жөн деп санайды. Сондай-ақ, үш тілді білім беретін мектептер үшін бейімдік пәндердің ағылшын тіліндегі нұсқасын жасақтау қажет.

Ел болашағы жастарға тәлімді тәрбие беріп қана қоймай, білім нәрімен сусындатып, біліктілігін танытып жүрген бірқатар ұстаздардың бүгін мерейі тасыған күн. Өйткені, қаншама жылғы еңбегі еленіп, арнайы марапатқа қол жеткізді. Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен бірге «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгіні ұстаздар қауымына облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың өзі табыстады.

 

Ұстаз деген ардақты есімнің ауыр жүгін арқалаған жандардың еңбегі – ұрпақтар сабақтастығы. Тәлім мен тәрбиенің қайнар бастауы мұғалімнің еңбегімен келеді.

Салтанат Тойболова

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!