Image21

Ішкі ағзаны тексерудің жаңа әдісі қолданылуда

Облыста алғаш рет ішкі ағзаны, дәлірек айтсақ, асқазан ішек жолдарын тексерудің жаңа әдісі қолданылды. Облыстық клиникалық ауруханада пайдаланылған тың тәсіл капсула арқылы жүзеге асады. Көлемі әдеттегі дәрілік таблеткамен бірдей аппаратураға бейнекамера орнатылған. Секундына 3 фототүсірілім жасай алатын механизм ішек жолдарын түгелдей дерлік тексеруден өткізеді. Оның нәтижесін экран арқылы бақылап отырған дәрігерлер анализ қорытындысын жасайды. Ресейде арнайы оқудан өтіп келген Еркін Бақтыбаев алғашқы науқасқа тексеру жүргізіпті. Денсаулық сақтау саласындағы бұл тың тәсіл республика бойынша өңірімізде үшінші болып қолданысқа енуде. «Тиімділігі сол — науқастың денсаулығына ешқандай кері әсері жоқ» —  дейді ақ халаттылар. Сондай-ақ, созылмалы анемия, ішектің қабынуы секілді ауруларды анықтауда көмегі зор көрінеді.

Абдумутали ЖҰМАШ




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!