Биыл мектеп оқушылары қандай оқулықтармен оқиды деген мәселе туындамауы тиіс. Білім және ғылым министрілігінің өкілдері осылай дейді. Өйткені барлық жергілікті атқарушы органдар мен мектеп директорлары мамыр айында қажетті кітаптардың тізімімен таныс болды. Осы орайда министрлік «Мектеп оқулығы» атты акция жариялады. Сол бойынша мектеп оқулықтары тамыз айының 10-нан бастап таратылады. Жаңыл Жонтаева, ҚР БҒМ департамент директоры: — 10 тамыздан бастап 1-сынып балаларына оқулық беру рәсімін бастаймыз. Ата-аналарды 10 тамызда мектепке шақырамыз. 11 тамызда 2, 3 сыныптар, 12 тамызға 4,5 сынып,18 тамыздан бастап 11 сынып оқушыларына оқулық беріледі деп күтілуде.
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ ҮШІНШІ ОТЫРЫСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНІҢ ТОЛЫҚ МӘТІНІ
Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында...